«№ 18 орта мектебі» КММ формасы

Мектеп формасы жайлы да қолайлы, әрі жұмыс күні үшін ыңғайлы. Оқушылардан мектепке сай форма кию талап етіледі. Пиджакті мектепте кию керек, сыныпта және асханада шешіп қоюға болады. Қыздар белдемшесі тізеден төмен болғаны жөн және жейдені әрдайым ішке салып жүру қажет. Шашты таза да жинақы ұстаған жөн. Ер балалар шашының ұзындығы жағадан жоғары болу керек, ал қыздардың сабақ кезінде шаштарын жинап алғандары жөн. Мектеп аяқ киімі стилі қарапайым болу керек. Орынды аяқ киім киген жөн, әсіресе қыздар аяқ киімінің өкшесі 3 см -ден биік болмау керек. Спорттық үлгідегі аяқ киімдерді киюге рұқсат етілмейді.