Өзін-өзі басқару ұйымының құқықтық негіздері мен қағидалары , Парламент мүшелері , оқушылардың жауапкершілігін арттыру барысы.


Өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:

Өзін-өзі басқару ұйымы қарым-қатынасты ізгіліктендіру; ұжым өмірін жариялыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындайды. Оқушылар әрекетінің еріктілігі , жариялылығы , тең құқылылығы; жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау; өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу. Мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқараудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі , оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі , оқушылардың өзін-өзі басқару өкілеттілігін тағайындау , оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан түрлі әдістерді пайдалануды үйрету.

Парламент мүшелерінің мақсаты:

Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру. Ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту. Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

Парламент құрылымы:

Мектеп президенті – Дауғарина Айша Дәулетқалиқызы

«Құқық және тәртіп» фракциясының мүшесі- Сарсенбаев Ескендір

«Психология» фракциясы – Жұмалы Назкен

«Дебат қозғалысы» фракциясы – Куракбаева Минура

«Мәдениет және өнер» фракциясы – Бесбаева Гүлайым

«Қамқорлық» фракциясы – Болатұлы Нұрбол

«Тазалық» фракциясы – Рзаева Ақбота

«Спорт және денсаулық» фракциясы – Амантай Аманжол

«Экология» фракциясы – Сәрсенғалиев Мансур

«Мәдениет және өнер» фракциясы – Тиллабеков Дінмұхамед