Бүгін, желтоқсанның 14 жұлдызында "18 орта мектебі" КММ- де «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұйымға қабылдау жиыны салтанатты түрде өтті. "Жас Ұланға"- 164 оқушы, "Жас Қыранға" - 147 оқушы қабылданды.

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Біз, Жас Ұлан, Жас Қыран, Болашаққа үн қосқан..» атты іс-шарамызда мектеп президенті А. Дауғарина, "Өзін- өзі басқару" ұйымының мүшелері және " Жас Ұландықтар" белсенділік танытты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болғай!
#балаларжылы2022