2022-2023 оқу жылында «№18 орта мектебі» КММ мектеп бітіруші 11 класс оқушыларының ҰБТ қорытындысы: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1pkKYZCzzjbovs21CnrH6_ue2AA36wkWU9hh-iqmF7Kc/edit?usp=sharing


ҰБТ/ ЕНТ

Класс
Мерзімі
11А
28.11
11Ә
29.11
11Б
30.11
11А
24.02
11Ә
27.02
11Б
28.02









Қорытынды аттестаттау
9 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

  1. Қазақ/орыс тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
  3. Орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
  4. Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

  1. Қазақ/орыс тілі бойынша (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан;
  2. Алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
  3. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
  4. Орыс, тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
  5. таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
Максималды балл – 30.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут).
Максималды балл – 75.

Математика, жаратылыстану, биология пәндері
21.11- 4В,4Д,4Е
22.11- 9А,4А
23.11- 9Ә, 4Ә
24.11- 9Б,4Б
25.11- 9В,4Г
Дүниетану, қазақ тілі (қазақ кл), русский язык (орыс кл), Қазақстан тарихы, физика, география
16.01 – 4А,4Ә,4Б
17.01-9А,4В
18.01 -9Ә,4Г
19.01 – 9Б,4Д
20.01-9В,4Е
Химия, ағылшын тілі, орыс тілі (қазақ кл), казахский язык (орыс кл),
10.04 – 4Е,4Д,4Г
11.04-9В,4А
12.04 -9Б,4Ә
13.04 – 9Ә,4Б
14.04-9А,4В

PISA

PISA халықаралық зерттеуі (programme for International Student Assessment) – оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы саласындағы 15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеуі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Organization for Economic Cooperation and Development) әр үш жыл сайын өткізеді. PISA көптеген қатысушы елдерде міндетті оқытуды аяқтауға жақындаған 15 жастағы оқушылардың нақты мәселелер мен міндеттерді шешу үшін әлеуметтік және экономикалық өмірге толық қатысу үшін қажетті білім мен дағдыларды пайдалануға қаншалықты дайын екенін бағалау арқылы оқу нәтижелерін өлшейді.
Күні
Класс
21.12.22
9А,9Ә,4А,4Д,9Б,9В
22.12.22
11А, 11Ә, 11Б, 4В
23.12.22
4Ә, 4Е, 4Г, 4Б
14.02.23
9А,9Ә,4А,4Д,9Б,9В
15.02.23
11А, 11Ә, 11Б, 4В
16.02.23
4Ә, 4Е, 4Г, 4Б